11.12.2019ж.  16-желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіздік тұғырым» атты волейболдан жарыс өткізілді. Жарыс мұғалімдер мен ата-аналар  командасынан құрастырылды. Мұғалімдер командасы  «Тұлпар»  және «Батыр» болса, ата –аналар командасы  «Бірлік» деп аталды.   Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып алға озып шығып 1-орынға ие болған мұғалімдер тобынан  құралған «Тұлпар» командасы, 2-орынды өзара бөліскен «Батыр» мен «Бірлік» командасы.  Барлық жеңген командаларға «Әділет кәсіподақ комитеті атынан тәтті торт пен мектеп грамотасы ұсынылды. 

Барлық қатысушыларға мектеп атынан рахметімізді айтамыз!