2019 жылы 03-12 желтоқсан аралығында «№ 2 Арнайы мектеп» КММ-де  бастауыш қазақ сыныптары ӘБ –нің онкүндігі  өтілді. Онкүндік аралығында мұғалімдер ашық сабақтар және сабақтан тыс іс-шара жұмыстарын өткізді. Барлық өтілген ашық сабақтар мен іс – шаралар өзінің алдына қойған мақсатына жетті. Онкүндіктің  ашылуы  салтанатты жиын түрде өтті. Бірінші қабатта «Тәуелсіздігім – теңдесі жоқ байлығым» атты стенд безендірілді. Салтанатты жиын ҚР Әнұранымен басталып, 1-4 сынып аралығындағы оқушылар жаттаған тақпақтарын айтып, өз өнерлерін көрсетті.  

2 «А» сыныбының мұғалімі Ергалиева Б.Б. математика пәнінен «Сандар қатары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың өтілу кезеңінде қыс мезгілі бейнеленген суреттер, карточкалар, бағдаршам түстері т.б. көрнекіліктер қолданылып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырды.

Ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен «Қысқы бейнелер» атты іс – шара өтілді. Апталықтың жабылуына байланысты ата – аналар мен оқушылардың қатысуымен «Өнегелі өнерлі отбасы» атты іс – шара өтілді. Ата-аналар өздерінің балаларымен бірге өз өнерлерін көрсетті.