19.12.2019ж.  1-4 сынып оқушылары сынып жетекшілері және тәрбиешілерімен бірге М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайына  «Нарисуй Новый год» атты ертеңгілігіне шақырылды. Барлық балалар Жаңа жылдық қойылымын көріп, қуаныш сезіміне бөленді.  «Наримсуй Новый год» ертеңгілігі 21 –ғасырға сай  құрастырылып, барлық персонаждар заманауи тұрғыда жасалып, әр түрлі ойындар мен билер ұйымдастырылды. Аяз Ата мен Ақшақарды  құшақ жая күткен балалар шыршаның айналысында  әндетіп  айналды. «Лимпопо театры »концерттік залда балаларға арналған Жаңа жылдық қойылым көрсетті. Қойылым ұялы телефонмен, техникамен  байланысты болып өте жоғары деңгейде өткізілді.

Бүгінгі балалардың жүздеріне езу танытып, жақсы көңіл -күй сыйлаған М.Өтемісұлы атындағы  Оқушылар сарайындағы ұйымдастырушыларға көптен көп рахмет айтқымыз келеді.

Алдағы уақытта да біздің балаларды талай қызықтар күтеді деген үміттеміз!