24 желтоқсан күні №2 арнайы мектебінде 5 – 6 сыныптар арасында «2020 – жасыл шырша жанында» атты жаңа жылдық ертеңгілігі өтті. Ертеңгілікте Қаршалар, сиқыршы ата, қарақшылар, тышқандар, аққалалар қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Қонаққа Аяз Ата мен Ақшақар келіп, балалар бірге бірнеше қызықты ойындар ойнады. Ертеңгілікке балалар өте қызығушылықпен ат салысты. Соңында  «Қош келдің –Жаңа жыл» әнімен аяқтап, балалар ертеңгілікке келген қонақтардан тәтті сыйлықтар алды.